Zanussi ZCV561ML User Manual Page 10

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 68
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 9
Пеш функциялары Қолданыс аясы
Бүтін қақтама
Жалпақ етіп дайындалған тағамдардан көп
мөлшерде гриль дайындауға арналған. Тост
жасауға арналған. Бүтін қақтама элементі
жұмыс істейді. Бұл функцияға арналған ең
үлкен температура: 210 °C.
Астыңғы қыздырғыш элемент
Торттардың астыңғы жағын күртілдек немесе
қытырлақ етіп пісіру үшін. Астыңғы қыздыру
элементі ғана жұмыс істейді.
Желдеткіш арқылы пісіру
Бірнеше сөрені пайдаланып, бірдей
температурада пісірілетін тағамдарды иістерін
бір-біріне сіңірмей қуыруға немесе пісіруге
арналған.
Пицца, үнемді
Пицца, киш немесе бəліш пісіруге арналған.
Гриль жəне астыңғы қыздырғыш элемент
қызуды тура бағыттап жібереді жəне желдеткіш
ыстық ауаны пиццаның толтырмасын немесе
бəліштің толтырмасын пісіру үшін айналдырып
тұрады. Бұл функцияға арналған ең үлкен
температура: 210 °C.
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Сақтандыру туралы ескерту! Өте
сулы қоспадан жасалған тортты пісіру
үшін шұңғыл табақты қолданыңыз.
Жемістің шырыны эмаль қаптамаға
кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін.
Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарларын құрылғының
астынан бастап санау керек.
Түрлі тағамдарды бір мезгілде пештің екі
деңгейінде пісіруге болады. Сөрелерді
1-ші жəне 3-ші деңгейге қойыңыз.
Құрылғының ішіне немесе
есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде
есікті əрқашан артқа шегініп барып
ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ
пісірер алдында пешті 10 минут іске
қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз жəне тағам пісірген кезде
құрылғының бөлшектерін алюминий
фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру
нəтижесіне əсер етіп, пештің эмаль
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торт пісіру
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут
қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше
пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасындағы
бір қатарды ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз. Етті
тым аз мөлшерде пісіргенде, ол тым
құрғақ болып піседі.
Өте майлы тағамды пісірген кезде,
пеште кетпейтін дақ қалып қоймас үшін
май жинайтын табаны қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай
тұрып 15 минуттай қоя тұрыңыз.
10
Page view 9
1 2 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 ... 67 68

Comments to this Manuals

No comments